Енді мұнда түрлі жарыстар ұйымдастырылып, Сарыжаз және жақын маңдағы ауылдардағы 100-ден астам жасөспірімнің спортпен айналысуына мүмкіндік туды.
Сарыжаз ауылындағы алғашқы спорт алаңының құрылысы 1,5 ай жүргізіліп, оған 18,2 млн теңге қаражат жұмсалды.
Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен соңғы екі жылда елімізде ашылған 26-шы спорт алаңы.
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,8 млрд теңгеге 23 жобаны жүзеге асырды. Биыл Қор жалпы сомасы 200 млн теңгеге 5 әлеуметтік жобаны қаржыландырды.