К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қаңтар 09:21

«Самұрық-Қазына» қолдауымен соңғы 4 жылда 14 спорт кешені ашылды

Спорт инфрақұрылымын дамыту – Қордың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіндегі басым бағыттардың бірі.

Соңғы бірнеше жылда «Самұрық-Қазына» 14 спорт кешенін салды. Жуықта ашылғандардың қатарында Қызылорда облысындағы теннис орталығы, Түркістан мен Павлодар облыстарындағы спорт кешендері бар.

Үлкен спорт кешендерінен бөлек, Қор елді мекендерде балаларға арналған спорт алаңдарын да салады. Қазақстанның бірқатар өңірінде (23 елді мекенде) бейімделген спорт түрлері бойынша секциялар ашылды.

 

Бұл нысандарда шамамен 100 мыңға жуық адам спортпен айналыса алады.