К 30-летию Независимости Казахстана | 05 мамыр 11:42

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы басшыларының үштен бір бөлігі – әйелдер

Мұны «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Гендер теңдігі» бағдарламасында мәлімдеді. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған «Самұрық-Қазына» тобының жетекшілері қатысты. Олар жартыжылдық оқудан өтті, оның қорытындысы бойынша көшбасшылар пулына кіреді және мемлекеттік компаниялардың басқару органдарына тағайындалады.

Қор басшысының айтуынша, бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» тобында 259,5 мың адам, оның ішінде 72 мың әйел жұмыс істейді. 8,5 мыңға жуығы бөлім бастығы лауазымынан бастап басшылық лауазымға дейін өскен. Бұл жалпы басшылар санының шамамен үштен бір бөлігі. Дегенмен,  жоғары басшылықта (басқармалар, директорлар кеңестері, байқау кеңестерінде) әйелдердің үлесі тек 15%.

Қор бұл көрсеткішті 2023 жылы 20 пайызға дейін және 2030 жылға қарай 30 пайызға дейін арттыру бойынша жоспар құрды. Осыған байланысты әйелдер көшбасшылығы дағдыларын қалыптастыру, әйел көшбасшыларды ынталандыру және ілгерілету, гендерлік теңдік басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі ортаны дамыту үшін жағдайлар жасалады.