К 30-летию Независимости Казахстана | 05 октября 11:43

«Самұрық-Қазына» компаниялары жыл басынан бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізді

«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары жыл басынан бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шаралар өткізді.  

Оның ішінде топ компанияларының барлық өңірдегі қызметкерлері қатысқан 960 сенбілік бар. Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, биыл 5 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Ал экологиялық науқандар басталғалы бері топтың жалпы үлесі 11 млн-нан астам ағашты құрайды.

Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – компаниялар ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Жыл басынан бері 1 мыңнан астам экологиялық дәріс пен шеберлік сағаты өткізілді. Олар қызметкерлердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуына ықпал етеді.