Қоғамдық кеңес мүшелері пікірталас барысында Қордағы активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау бағытында реформалау бойынша ұсынылып отырған шаралармен жете танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Ашық диалог форматындағы кездесу отырыс жұмысына жемісті әсер етті. Іс-шараның әрбір қатысушысы жалпы жекешелендіру, мерзімдері, активтерді қайтарып алу реттілігі, тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы өз пікірін ортаға салды.
«Қоғамдық кеңестің міндеті – қоғам өкілдерін тыңдап, олардың ұсыныстарын компаниялардың басқару органдарына жеткізу. Бұл жұмысқа азаматтар белсене атсалысып, өз ойларын, ұсыныстарын, жауаптары мен ескертулерін жолдайды деп ойлаймын», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев.
Отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленді, олар Қор басшылығының жұмысында қарауға жіберіледі.
Қоғамдық кеңестің құрамына қоғам өкілдері, сыртқы сарапшылар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері кіреді. Сонымен қатар отырысқа қор биржаларының (KASE, АХҚО) басшылары, қаржыгерлер мен миноритарлық акционерлер, инвестициялық банкирлер, экономистер қауымдастығы қатысты.
Еске салайық, әрбір қазақстандық «Самұрық-Қазына» АҚ жұмысына қатысты реформаларға тікелей қатысуға мүмкіндігі бар. Қордың ресми сайтындағы «Қоғамдық кеңес» бөліміндегі парақшаға өз ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді қалдыра аласыз. Ол ұсыныстарыңыз міндетті түрде ескеріледі.