Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық науқанына қор тобының 2000-нан астам қызметкері қатысты.
Экоакция аясында бұлақ көздерін тазарту және абаттандыру, жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар өткізіліп жатыр. Науқанға Қор мен оның портфельдік компанияларының өкілдері қолдау көрсетті. Мысалы, Астанада 400-ден астам адам Есіл өзенінің Президенттік саябақтағы арнасын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына сәйкес «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы ауқымды экологиялық бағдарламаны жалғастырады. Жыл басынан бері қор 300-ден астам акция мен іс-шараны жүзеге асырған. Айта кетсек, аталған бастама аясында «Самұрық-Қазына» тобы соңғы екі жылда 5,8 млн-нан астам ағаш отырғызды.