К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қазан 11:17

«Самұрық-Қазына» компанияларының жалпы түсімі биыл 7,2 трлн теңге болды

«Самұрық-Қазына» АҚ-да 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қаржылық қорытындыларына арналған брифинг басталды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов Қордың компаниялар тобының өндірістік көрсеткіштерімен бөлісті. Мысалы, ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11,9 млн тонна деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштерден жоғары. ТЖ тасымалдарының 9%-ға өскені байқалды, ал Air Astana және Qazaq Air әуе компаниялары бойынша жалпы жолаушылар айналымы 3,8 млн жолаушыны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 12 пайызға жоғары.

Бұдан басқа, уранды сату көлемі 5%-ға өсіп, 9,5 мың тоннаға жеткен. Сондай-ақ, Мират Өтепов таза табысқа қатысты болжаммен бөлісті.

«Алдын ала бағалау бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 2023 жылғы таза пайдасы 1,8 трлн. теңге деңгейінде күтілуде. Мұнай және газ нарықтарында қалыптасқан жағдайды және өндірістік көрсеткіштерді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ескеретін болсақ, бұл жақсы нәтиже», - деді Мират Өтепов.