К 30-летию Независимости Казахстана | 21 сентября 10:51

«Самұрық-Қазына» компанияларының қызметкерлері Астанада плоггингке қатысты

Өткен сенбі күні «Самұрық-Қазына» АҚ-на қарасты компаниялардың 200-ден астам қызметкері Астанада плоггингке қатысып, қаланың тазалағына үлестерін қосты.

 

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жастары «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында экологиялық науқанға қатысты. ️

Плоггинг барысында акцияға қатысқан 200-ден астам қызметкер бас қалада 400 қаптан астам қоқыс жинады. Аталған науқан еліміздің басқа өңірлерінде де өтті.