К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қазан 08:33

"Самұрық-Қазына" қоры бюджетке рекордтық төлем жасайды

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 2018 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке дивидендтік төлем ретінде 63,75 млрд теңге жібереді деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып. Бұл сома бүгінгі таңда рекордтық деңгейді құрауда.

Себебі, бастапқыда, Ұлттық әл-ауқат қорынан қазынаға кіріс 13,7 млрд теңге көлемінде жоспарланған екен. Қордың Директорлар кеңесі бекіткен даму жоспарында осылай бағамдалған. Нәтижесінде 50 млрд теңге қосымша төленуде.  

Жалпы, 2019 жылдың бюджетіне, барлық мемлекет үлесі бар 68 республикалық акционерлік қоғам тарапынан 66 млрд теңге табыс түспек.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып саналады. Инвестициялық холдинг ұлт дәулетін нығайтуда, қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуына, тиімді басқару арқылы ықпал етпек. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешенінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.