Турнирдің негізгі мақсаты – ҚР өңірлерінде хоккейді насихаттау және дамыту. Жарыс «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылай қолдауымен «Altyn shaibaly» жобасы аясында жоспарланған алғашқы хоккей сайысы.
Ойындар 11-14 желтоқсан аралығында «Барыс» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, «Altyn shaibaly» жобасы аясында 2024 жылы ауылдық жерлердегі балаларға арналған тағы екі ауқымды балалар хоккей жарысы ұйымдастырылады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен аталмыш жарысқа қатысу үшін 200-ден астам өтінім келіп түсті.