Байқаудың мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында белсенді және ынталы жастарды және болашақ әлеуетті көшбасшыларды анықтау. Қор тобының жастар құрамынан шамамен 80 мың адамды қамту жоспарланып отыр.
Челлендж тұжырымдамасы дамудың үш – физикалық, эмоциялық және интеллектуалды бағыттары бойынша жеке тапсырмаларды орындауды көздейді. Челленджге Қор компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі жұмысшылары қатыса алады.
Тіркеу 2022 жылғы 22 қазан, сағат таңертеңгі 10:00-ден 2022 жылғы 23 қазан, сағат таңертеңгі 10:00-ге дейінгі аралықта sknews.kz сайтында жүзеге асырылады.