«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылатын жоба көпбалалы аналарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелеріне, аз қамтылған отбасыларға және жастарға арналған. Бұған дейін Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында 300 тұрғын оқудан өтті.
Қатысушылардың бірі кәсіптерін кеңейтсе, енді бірі кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашты.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры Ақмола облысында соңғы жылдары 1,8 млрд теңгеден астам қаржыға 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырды.