К 30-летию Независимости Казахстана | 29 желтоқсан 08:28

«Самұрық-Қазына» қорында Қоғамдық кеңес құрылды

Қоғамдық кеңеске 10 адам мүше болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2021 жылғы 27 желтоқсанындағы шешімімен және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 170-П Бұйрығымен Қоғамдық кеңестің келесідей құрамы бекітілді:

Марат Дүйсенбекұлы Әйтенов – «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі; Андрей Николаевич Кравченко – «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі; Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев – «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры; Болат Бидахметұлы Жәмишев – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы; Ольга Александровна Булавкина – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық жерлерді дамыту Комитетінің мүшесі; Ерлан Бияхметұлы Сайыров – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі; Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев – АХҚО жасыл қаржы Орталығының бас директоры, АХҚО Еуразия экономикалық комиссиясымен ынтымақтастық кеңсесінің басшысы; Ирина Лашкаровна Тәжібаева – ҚР Ұлттық Ядролық Орталықтың Атом энергиясы Институты директорының орынбасары, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының атқарушы директоры; Алуа Серікқызы Жолдыбалина – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер; Ләззат Олжабайқызы Жүнісова – «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры.