2 гектар жер телімінде орналасқан медициналық орталықтың 50 сырқатқа арналған тұрақты емдеу стационары бар. Бір ауысымыда 400-450 науқасқа қызмет көрсетуге арналған медициналық орталықта операциялық бөлім, жансақтау бөлімі, жедел жәрдем және жедел жәрдем қызметі ашылып, тұрғындардың қажеттілігін атқаруда. Емхана аурулардың диагностикасын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жобаның құны 8 миллиард теңгеден астам соманы құрайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов және Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері медициналық орталық-емхананың мүмкіндіктерімен танысып, науқастар мен дәрігерлермен әңгімелесті.
«Қор мен компаниялар тобының басшылығы «Самұрық-Қазына» Қоры жұмыс істейтін өңірлердегі халықтың мұң-мұқтажын үнемі біліп те бақылап отырады және әлеуметтік әріптестік саясаты аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Жаңа емхана Жаңаөзен тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттырып, сапасын жақсартуға арналған», – деді Ғибрат Ауғанов.
Осы күні арнайы делегация таяуда жаңаөзендіктердің пайдалануына берілген көпфункционалды спорт кешені мен мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді оңалту үшін құрылған «Балақай» оңалту орталығы да барды. «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей қолдауымен балалар орталығының заманауи жобасын жасаған, жүзеге асырған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды.
Соңғы уақытта Әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры Маңғыстау облысында түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда.
Атап өтсек, ауданы 2000 шаршы метрлік 19 әмбебап спорт және ойын алаңдары, аулаларда 10 спорттық жаттығу алаңы жасалды. Жаңаөзен қаласындағы 3 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мұнымен қатар облыстағы 50 орта мектепке спорттық құрал-жабдықтар орнатты, 10 жалпы білім беретін мектепке 130 дербес компьютер жеткізіп, білім беру ұйымдарында компьютерлік сыныпты ұйымдастыруға мүмкіндік берді; есту, көру және интеллектуалдық кемшіліктері бар балаларға арналған 4 мектепке арнайы коррекциялық құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етті.
Үш білім беру мектебінің балаларын тасымалдауға автобус берілді, ал емханалар медициналық көмек көрсетуге арналған 3 реанимобильмен жабдықталды.
Сал ауруымен ауыратын 300 баланы оңалту жұмысы ұйымдастырылды, уақытша баспанаға мұқтаж тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер үшін сенім орталығы ашылды. Алға» мүгедектер клубына 18 түрлі спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартылды.
Уақыт талабына орай төмендегідей оффлайн-онлайн оқу орталығын ашты: компьютерлік және веб-бағдарлама үйрену, интернет-маркетинг, робототехника және ағылшын тілін оқыту; облыстағы жас әлеуметтік кәсіпкерлерге әлеуметтік пайдалы бастамалары үшін 28 грант бөлді; облыстағы мұнай-газ саласының ардагерлеріне көмек көрсетті.
Қордың Жаңаөзен қаласында жүзеге асырып жатқан бастамаларының ішінде мектеп түлектерін қолдауға бағытталған «Зияткер ұрпақ» (жоба әкімшісі – Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы) әлеуметтік жобасына ерекше көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Жоба аясында жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру бағытындағы тестілеу, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағынан қорғауға жататын топтарындағы балаларды ҰБТ-ға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.