К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қараша 08:35

«Самұрық-Қазына» Қорының төрағасы «Казцинк» басшылығымен кездесті

Қор басшылығы «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Поповичпен және «Казцинк» ЖШС Бас директоры Александр Хмелевпен кездесті.

Қордың портфельдік компаниясы «Тау-Кен Самұрық ҰТКК» АҚ 2013 жылдан бері «Казцинк» ЖШС-нің 29,82%-на иелік етеді, басым бөлігі швейцариялық Glencore компаниясына тиесілі.

«Казцинк» - Қазақстанның түсті металлургиясындағы көшбасшылардың бірі және Қор құрылымының маңызды активы болып табылады. Компания ілеспе мыс, бағалы металдар және қорғасын өндірісінің үлкен үлесі бар ірі интеграцияланған мырыш өндірушісі болып табылады.

Тараптар «Казцинк» қызметін дамыту бойынша ұсыныстармен алмасып, тау-кен металлургия саласындағы әлемдік трендтерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын зерделеу туралы келісімге қол жеткізілді.