Жарыстарға 2,5, 5, 10 шақырым қашықтықта, сондай-ақ скандинавиялық жүріс (5 км) түрінен қатысуға болады. Жиналған қаражат мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға жұмсалады. Бұған дейінгі жарыстардың нәтижесінде Астана мектептерінде осындай 15 кабинет ашылды. Марафонға тіркелу үшін шараның ресми сайтына өтіңіз.