Бұл - Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең ірі индустриялық жобалардың бірі. Ол заманауи өндірісті, технологияларды нақты локализациялауды және жетекші халықаралық энергетикалық компаниялар тарапынан расталған коммерциялық тапсырыстарды қамтиды. Зауыттың қуаттылығы — жылына 2 ГВт.
Тараптар жоба бойынша жұмыстардың айтарлықтай ілгері жылжығанын айтып, серіктестікті әрі қарай жалғастыруға дайын екендерін растады.
SANY Renewables — жаңартылатын энергетика жабдықтарын өндіруден әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын SANY Group компаниясының еншілес ұйымы.
Сонымен қатар Нұрлан Жақыпов Бейжіңде Energy China компаниясының басшылығымен кездесті
Кездесуге China Energy Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань және China Energy International Group вице-президенті Синь Цзуни қатысты.
Тараптар «Самұрық-Қазына» қоры мен Energy China арасындағы жаңартылатын энергия көздері мен инфрақұрылым бойынша серіктестік перспективалары мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы жайында сөйлесті. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясы және Қарағанды облысындағы қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы жобаларын талқылады.
Жобалар бойынша жұмыстардың едәуір ілгерілегені және оларды межелі уақытында іске қосу маңызды екені айтылды.
Energy China — көмір өндірісі, жылу энергетикасы, жел энергетикасы, көмір өңдеу және су шаруашылығы саласында жұмыс істейтін әлемдегі ірі компания.