Театр сахнасында 38 қатысушы «Вокал», «Айтыс» және «Бейнелеу өнері» номинациялары бойынша өнер көрсетеді. Шара биыл алғаш рет «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Байқауда «Вокал» номинациясында 16 қатысушы, «Айтыс» өнерінде 8 қатысушы бақ сынайды. Ал «Бейнелеу өнері» бағытында 14 қатысушы бүгін нақты уақыт режимінде сурет салуды бастады. Туындыларды салу жұмысы тікелей сахнаға көрсетіліп отырады.
Финалға дейін әр қатысушымен тәлімгер жеке жұмыс істеп, конкурсқа сапалы дайындалуға бағыт беріп, ынталандыруда. Ал сайыскерлердің өнерін Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлернен құралған әділ қазылар алқасы бағалайды.
Байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты ертең, 24 қазанда өтеді.