Талқылау барысында тараптар қол жеткізілген нәтижелер мен жоба бойынша негізгі міндеттерге тоқталды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қазіргі уақытта қордың еншілес компаниясы – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен Әзербайжанның AZCON мемлекеттік холдингі арасында жобаны бірлесіп іске асырудың негізгі шарттары мақұлданған. Осылайша, кездесу аясында компаниялар тараптардың өзара іс-қимыл шарттарын бекітетін Акционерлік келісімге қол қойды.
Тараптар «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен AZCON арасында АХҚО алаңында бірлескен кәсіпорын құру және негізгі жабдықтарды жеткізу бойынша келісімшарт жасасуды жақын перспективадағы басым тапсырма ретінде айқындады. Бұл Әзербайжанда 2027 жылы теңіз түбін тереңдету жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді.