К 30-летию Независимости Казахстана | 08 тамыз 09:24

Самұрық-Қазына мен Coventry University Kazakhstan меморандум жасасты

Құжат білім беру және корпоративтік секторлар арасында білім, тәжірибе және ресурстар алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына» АҚ және Астанадағы бірінші британдық жоғары оқу орнының кампусы Coventry University Kazakhstan ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қор тобының қызметкерлері, оның ішінде өндірістік қызметкерлер ЖОО-да бизнес-білім беру бағдарламалары бойынша білім алады. Бұдан бөлек, Тараптар кәсіптік білім, ғылым, жаңа технологиялар және инновациялар саласындағы байланыстарды нығайтатын болады.

 

Меморандум білім беру және корпоративтік секторлар арасында білім, тәжірибе және ресурстар алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді.