К 30-летию Независимости Казахстана | 08 сәуір 08:05

«Самұрық-Қазына» мен GE энергетикалық жаңа жобаларды жүзеге асырады

Нұр-Сұлтан қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Ресей мен ТМД-дағы General Electric (GE) президенті Бела Ференцидің кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстанда экологияны жақсартуға бағытталған, бірлескен энергетикалық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ GE корпорациясын тиімділігі жоғары бу-газ қондырғыларының әлеуетті жеткізушісі ретінде қарастырады. Жабдық Алматыдағы үш ірі ЖЭО-ны газға ауыстыру үшін, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 1000 МВт дейінгі жаңа газ электр станциясын салу үшін қажет. Бұл жобаларды іске асыру көміртек әсерін азайтуға және GE корпорациясының экологиялық технологияларын қолдана отырып, көмірді газға ауыстырудың арқасында қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

«General Electric корпорациясы – Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан серіктесі. Біз қазір құрып жатқан жаңа Қазақстан зиянды шығарындылар көлемін азайтатын қазіргі заманғы энергия көздеріне үнемі мұқтаж болады. Сондықтан мен GE корпорациясымен ынтымақтастығымыздың жарқын болашағына кәміл сенемін», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев.