«Самұрық-Қазына» қорымен біздің табысты ынтымақтастығымыз болмаса, Теңіз, Қарашығанақ және Қашағандағы ірі жобаларды дамыту, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, елдімекендерді газдандыру және Қытайға газ транзиті жобаларын іске асыру және басқа да жарқын жетістіктерге жету қиын болар еді», - дейді ол өз хатында.
Бүгінде ел басшылығы Ұлттық әл-ауқат қорының алдына қазіргі заманмен үндесетін жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл – трансформация бағдарламасын жаңарту, цифрландыру, қаржылық тұрақтылықты нығайту, өндіріс тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы орайда ҚМГ жетекшісі «Самұрық-Қазына» қорының ұжымы тапсырылған мақсат-міндеттерді ойдағыдай іске асыратынына сенімді.
«Өйткені жуырда Қор қызметіне жаңа серпін беретін жаңа Даму стратегиясы қабылданды. «Самұрық-Қазына» қоры және оның құрамындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы операциялық, тәжірибелік қызметке бағдарланған, бұл еліміздің энергетика және мұнай саласы үшін де, жалпы Қазақстанның экономикасы үшін де үлкен пайда әкелетіне сенімдімін. Осынау айтулы күні «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы мен ұжымына қолға алған тың бастамалардың сәтімен орындалып, үздік жобалар мен өміршең идеялардың іске асырылуын тілеймін!», - дейді Сауат Мыңбаев сөз түйінінде.
Толығырақ «SK news» газетінің жаңа нөмірінде: http://bit.ly/2q0FO4J