NCOC Қашаған кен орнында мұнай өндірісін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады. Қашаған газын қайта өңдеу үшін қазіргі таңда «QazaqGaz» ҰК» АҚ қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салып жатыр. Бұл газ өңдеу зауытында шикі газды қайта өңдеу есебінен кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жоаны 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, тараптар мұнай өндірісі мен газ өңдеу көлемін арттыру бойынша өзге де жобалар мен идеяларды талқылады.