Қазақстан Президентінің Францияға ресми сапары барысында Қор мен Societe Generale тобы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы келісімге аталған компаниялардың басшылары қол қойды.
Societe Generale – Францияның банк нарығындағы «үлкен төрттігі» деп аталатын тізімге кіретін ірі қаржы конгломераты.
Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» мен Alstom Transport арасында 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Alstom – теміржол көліктерін шығаратын француз компаниясы, әлемдік көшбасшылардың бірі.