Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Solidcore Resources plc компаниясының (бұрынғы Polymetal International) бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесті.
Қор басшысы Виталий Несистің жуырда Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болып сайлануы компанияның еліміздегі қызметіне жаңа серпін беретінін атап өтті.
Solidcore Resources plc – Қазақстандағы алтын өндіретін жетекші компаниялардың бірі, оның құрамына жұмыс істеп тұрған алтын өндіретін екі кәсіпорын:
Абай облысындағы Бақыршық кен орны Қостанай облысындағы Варварин кен орны кіреді.