«Самұрық-Қазына» төрағасы Нұрлан Жақыпов «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайонмен кездесті. Кездесу барысында қол қойылған екі маңызды құжат:
QazaqGaz бен «Теңізшевройл» арасындағы тауарлық газды сатып алу-сату жөніндегі ұзақ мерзімді келісімшарт; Энергетика министрлігі мен ТШО арасындағы сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі меморандум.«Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниясы мен «Теңізшевройл» арасындағы келісім Қазақстанның тауарлық газының ресурстық базасын кеңейтіп, өнімді ұзақ мерзім бойы сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.