Тараптар қуаты 1 ГВт болатын энергия сақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жобасының кезеңдерін талқылады.
«Екі тарап арасындағы серіктестік жаңартылатын энергетика саласындағы жоба арқылы да дамып жатыр. Бұл жоғары технологиялық жоба Қазақстан мен Францияның экономикалық байланысын нығайтып қана қоймай, таза энергетикаға көшуде инновациялық шешімдерге деген ұмтылысымызды да көрсетеді», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы.
ЖЭС-ті 2028 жылдың шілдесінде іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, ҚМГ бойынша тараптар Қашаған кен орнын игеру жөніндегі Солтүстік-Каспий жобасын талқылады. TotalEnergies жобаға 16,81% үлеспен қатысуда.
Жоба аясында 2024 жылы 16,446 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған.