Жақыпов TotalEnergies өкілдерін компанияның 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұйымның инновацияларға, тұрақты дамуға және энергетика саласын жетілдіруге деген ұмтылысын атап өтті.
TotalEnergies компаниясымен бірге Қор және ҚМГ ірі жел энергетикасы жобасын, атап айтқанда Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС құрылысын іске асыруда. Жобаның құны шамамен 1,2 млрд доллар, жүзеге асыру мерзімі – 2021-2028 жылдар.
TotalEnergies – әлемдегі ең ірі француздық мұнай-газ компанияларының бірі, капитализациясы шамамен 129 млрд еуро. Компания - Қашаған кен орнын игеруге жауапты Солтүстік Каспий жобасы бойынша консорциум акционерлерінің бірі.