«ҚазМұнайГаз» Сарқылып бара жатқан кен орындарын игерудің тиімділігін арттыру үшін қабат, ұңғымалар, мұнай өндіру және жерүсті инфрақұрылымы туралы деректерді біріктіретін цифрлық егіз жүйесі әзірленді. Алғашқы жоба «Ембімұнайгаз» кен орнында іске асырылды. Жасанды интеллект көмегімен кен орнын игерудің 600-ден астам сценарийі есептелді. Бұған дейін бір айдан астам уақыт кететін есептеулер қазір 6 күнде жүргізіледі.