К 30-летию Независимости Казахстана | 03 желтоқсан 12:25

«Самұрық-Қазына» отандық өндірушілерге сатып алулар арқылы қандай қолдау көрсетеді

Аралық қорытынды: 2024 жылдың 10 айында жалпы сомасы 134 млрд теңгеге 264 офтейк-келісімшарт жасалды.  

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы сатып алулар кезінде жергілікті кәсіпкерлерге басымдық береді. Отандық өндірушілермен жалпы құны 821 млрд теңгенің тауарын жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Бұған дейін біз «Самұрық-Энерго», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» және «Қазпошта» сияқты Қордың портфельдік компанияларында офтейк-келісімшарттарды жасасу динамикасы туралы айтқанбыз.

Қазанда Қордың сатып алу қызметі ЕҚҚДБ халықаралық қаржы институты тарапынан оң бағаланды.