К 30-летию Независимости Казахстана | 29 желтоқсан 08:21

«Самұрық-Қазына» партиялық жобаларды қолдайды

Нұр-Сұлтан қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ-дағы Nur Otan партиясы бастауыш ұйымының есептік кездесуі өтті, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

Қордағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Жәрдем Құрманғазиев 2021 жылда тыңдырылған істер және алдағы уақытқа айқындалған міндеттер жайында, соның ішінде, «Самұрық-Қазына» тобының қызметіне қатысты әлеуметтік және партиялық жобалар мен акциялар туралы баяндап берді.

Қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директор Марат Әйтенов «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Nur Otan партиясының сайлауалды Бағдарламасында айқындалған «Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт» және «Экономика мен өңірлердің орнықты дамуы» бағыттары бойынша іс-шаралар Жол картасының пунктерін іске асыру барылы туралы баяндама жасады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-дағы БПҰ 2008 жылдың 30 желтоқсанында құрылды. Қазіргі таңда Қор тобында Нұр-Сұлтан қаласында 859 партия мүшесі тіркелген, ал, мемлекет бойынша 36 мың қызметкер партия мүшелігіне өткен.