Енді перзентханада жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте диагностикалауға және уақтылы емдеуге көмектесетін толық құрал-жабдық жиынтығы бар.
Павлодар облысында жыл сайын 10 000-нан астам бала дүниеге келеді. Өңірде соңғы бір жылда 763 сәби мерзімінен бұрын туылған. Мұндай балалардың 40%-да ретинопатия – көру қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтыратын ауыр диагноз қойылады. Дәрігерлер перзентханада неонаталдық офтальмологияның қалыптасуына көмектескені үшін «Samruk-Kazyna Trust» қорына зор ризашылығын білдірді.