Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Баяндаманың негізгі тезистері:
• 2025 жылы Қорда бірыңғай IT-стандарт пен өндірістік процестерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша Жол картасы бекітілді.
• Қор тобының 239 мың қызметкері жасанды интеллект саласындағы негізгі дағдылар бойынша білім алды.
• Бірыңғай корпоративтік SKAI жасанды интеллект экожүйесі қалыптастырылуда, негізгі көрсеткіштермен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін SKAI Data платформасы іске қосылды.
• Компаниялар тобында жасанды интеллект қолданылатын 62 жоба жүзеге асырылуда, олардың басым бөлігі өндірістік процестерде қолданылады. 5 жыл ішінде ЖИ жобаларын енгізудің жиынтық экономикалық әсері $1,3 млрд-тан асады.
• HR, сатып алу, қаржы, инвестициялардан өндірістік қауіпсіздікке дейінгі негізгі функциялар үшін ЖИ-ассистенттер енгізілуде. Барлық шешімдер «бір терезе» қағидаты бойынша бір SKAI-ассистентіне біріктіріледі.
• 2026 жылы портфельдік компаниялар үшін жасанды интеллект есебінен EBITDA-ны 5%-ға арттыру бойынша KPI белгіленді, осылайша, алдағы уақытта басқарушылық шешімдердің 70%-ы жасанды интеллектінің қатысуымен қабылданбақ.