РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары аясында Топ 4 құжатқа қол қойды:
«Қазақстан темір жолы», Xi'an Free Trade Port (ҚХР) және «Славтранс-Сервис» АҚ (РФ) арасындағы жобаны жүзеге асыру туралы келісім. Мақсаты – Сиань-Достық/Алтынкөл-Селятино бағыты бойынша Бірыңғай цифрлық платформаны бірлесіп қолдану.
«Қазақстан темір жолы» және «Ресей темір жолдары» ААҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Аталған құжат теміржол инфрақұрылымын бірлесіп дамытуға және жаңғыртуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» және «ФинИнвест» ЖШҚ арасындағы меморандум. Құжаттың мақсаты – Қазақстан мен Ресей аумағында контейнерлік терминалдар салу үшін бірлескен кәсіпорындар құру.
«Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Құжат Екібастұз МАЭС-2-нің №3 және №4 энергетикалық блоктарында зиянды заттар шығарындыларын азайтуды көздейді.