К 30-летию Независимости Казахстана | 26 қаңтар 11:30

«Самұрық-Қазына» тобындағы топ-менеджерлердің үштен екісі жаңарды

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлады @samrukkazynaofficial.

Оның хабарлауынша, 2022 жылы «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта», Qazaq Air, «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Қазына Өндеу» компанияларының басшылары өзгерді.

 

Менеджер ауқымды өзгерістер «Самұрық-Қазына» басындағы қордан басталғанын айтып өтті. Жыл басында топ-менеджерлер саны екі есе қысқарып, бес басқарушы директордың үшеуі жаңарды.

Бүгінгі таңда үш басқарушы директор Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2022 жылдың жаңалығы «Самұрық-Қазына» компанияларындағы тағайындаулардың ашық жариялануы болды. Оның барлығы @samrukazynaofficial телеграм-каналында жарияланып отырады.