К 30-летию Независимости Казахстана | 27 июля 12:22

«Самұрық-Қазына» тобының 200 қызметкері Баум тоғайында сенбілік өткізді

Алматыда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараға қор тобының 200-ге жуық қызметкері қатысты. Олар Баум тоғайының аумағын қоқыстан тазартып, санитарлық тазалық өткізді.

Экологиялық акцияға қатысу топ қызметкерлерінің қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан кезекті үлесі болды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қор мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізіп, 939 сенбілік ұйымдастырды. 2026 жылы қор Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп 5 миллионнан астам көшет егуді жоспарлап отыр.