К 30-летию Независимости Казахстана | 27 сентября 18:50

«Самұрық-Қазына» тобының екі қызметкері орденмен марапатталды

«Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумы аясында Мемлекет басшысының атынан Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстан экономикасын нығайту мен дамытуға үлес қосқан жұмысшы мамандарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Еңбек күні Қазақстанда 10 жылдан бері аталып келеді. Жұмысшы мамандықтары жылы мерекенің мәні де ерекше. Лауреаттар қатарында «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері де бар.

Олар: Бақтарбек Жүнісов – «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалының «Магистральдық желі дирекциясы» Жол және құрылыстар департаментінің зейнеткері «Құрмет» орденімен марапатталды. Бану Оңалбаева – «Қазпошта» АҚ Жетісу облыстық филиалы Қербұлак аудандық пошта байланысы торабы Орталық операциялық учаскесінің бастығы «Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі орденіне ие болды.