«Қор мен оның портфельдік компаниялары адамдардың білімі, тәжірибесі мен күнделікті еңбегінің арқасында жетістіктерге жетті. Олардың кәсібилігінің арқасында стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, Қазақстан экономикасы үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.
Әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!