К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қараша 08:20

«Самұрық-Қазына» төрағасы Abu Dhabi Ports басшысымен кездесті

Қор басшылығы AD Ports Group басқарма төрағасы Мұхаммед Джума Әл-Шамисимен кездесу өткізді.

Тараптар AD Ports Group пен «ҚазМұнайГаз» арасындағы ынтымақтастық жөнінде сөйлесті. Ақтауда қазақстандық мұнайды Каспий теңізінде тасымалдайтын 8 мың тонна дедвейті «Taraz» және «Liwa» атты екі танкерді салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Танкерлерді Caspian Integrated Maritime Solutions бірлескен кәсіпорны сатып алды.

 

AD Ports Group-пен ынтымақтастықтың нәтижесінде Каспий аймағындағы флотты ұлғайтумен қатар, «Қазтеңізкөлікфлотымен» ашық теңізде танкерлердің бірлескен пулы құрылды. Ашық теңіздегі танкерлер саны 2024 жылдың соңына қарай 5 кемеге дейін артады деп күтілуде.

Сондай-ақ, кездесуде компаниялар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және AD Ports Group кәсіпорындарында қазақстандық мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.