К 30-летию Независимости Казахстана | 08 июля 10:47

«Самұрық-Қазына» үздік инновациялық компанияны анықтайды

«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниялары арасында «Үздік инновациялық компания» байқауын өткізіп жатыр.

Мақсаты – жаңашыл идеяларды қолдау, тиімді тәжірибемен алмасу, өндірістегі жұмысты жетілдіру және жаңа шешімдер ұсынудағы белсенділікті ынталандыру.

Байқау номинациялары:

Үздік инновациялық компания – Компанияның инновацияларды қолдау деңгейі бағаланады: қызметкерлердің қатысуы, бөлінетін қаржы көлемі, тәжірибеге енгізілген идеялар саны, патенттердің және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жобалардың болуы.

Үздік жаңашыл қызметкер – Қызметкердің жеке жетістіктері бағаланады: ұсынылған идеялардың саны мен сапасы, оларды жүзеге асыру деңгейі және инновациялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі.

Ең үздік енгізілген ұтымды ұсыныс – Ұсыныстың әлеуметтік және экономикалық тиімділігі бағаланады.

Өтінімдерді қабылдау info@csti.kz электрондық поштасы арқылы 2025 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Байқауға Қор тобына кіретін барлық портфельдік компаниялар қатыса алады.