28 сәуірде бүкіл әлем Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл жұмыс орнында зардап шеккен немесе қаза тапқан жандарды халықаралық деңгейде еске алу күні.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы өндірісте әрдайым «нөлдік жарақаттануға» қол жеткізуге және өз қызметкерлері үшін еңбек қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұл бағытта Қор үнемі халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіздік ережелерін тұрақты негізде жетілдіріліп отырады.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша қорда ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны 17%-ға азайды. Осы көрсеткіштерді бұдан да төмендету жұмыстары жалғасуда.