Ғибрат Ауғановтың айтуынша, 2022 жылдың басында Қорда үлкен өзгерістер бастау алып, оның ішінде жаңа кадрлық саясат бекітілді. Бүгінде Қор компанияларына жұмысқа тұру ашық, әділетті және толықтай автоматтандырылған QSAMRUK платформасы арқылы жүзеге асады. Оның бір дәлелі – Қордың еншілес компанияларының саны 270 болса, Samruk Kyzmet платформасының қызметіне жүгінетін компаниялар саны 530-дан астам. Бұл бір жағынан «Самұрық-Қазына» қорына жұмысқа тұру жүйесінің сапасы артқанын көрсетсе, екінші жағынан, Қорға қарамайтын өзге компаниялар да бұл жүйеге жоғары баға беретінінің көрінісі. 2023 жылғы 8 айда платформада 13 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған.
Оқырман назарына Ғибрат Ауғановтың сұхбатының толық видеонұсқасын ұсынамыз: