Қор басшысы Нұрлан Жақыпов оларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, өндіріс саласындағы 11 маманға марапаттар табыстады.
«Сіздердің өндірістік салаға қосқан үлестеріңіз зор. Біздің ұйымда осындай қайсар, мақсаты айқын, шабыт беретін жандардың болғаны – біз үшін үлкен мақтаныш», – деді Нұрлан Жақыпов.«Еңбек Даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталғандар:
Ботагөз Сәрсенова – «ҚТЖ» Ерейментау жол дистанциясының жол шебері; Нұрсұлу Құлшыбаева – «Өзенмұнайгаз» сорғы станциясының машинисті; Алмагүл Шермағанбетова – «Қазақтелеком» аға электр механигі; Салтанат Көшербаева – «Оңтүстік Инкай» кенішінің химиялық талдау зертханасының лаборанты; Замира Құрмашева – «KEGOC» «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының электр монтері.«Самұрық-Қазына» қорының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Татьяна Иванова – «Energy Solutions Center» ЖШС электр слесарі; Ляйля Омарова – «Тау-Кен Алтын» ЖШС сынамалық талдау лаборанты; Ұлболсын Қошқарова – «Қазпоштаның» Қостанай облыстық филиалының пошташысы; Надежда Кузова – «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің технигі; Юлия Кинчиряк – «SSAP» ЖШС инженер-зертханашысы; Наталья Бауэр – «Қазпошта» Алматы поштамты филиалының байланыс операторы.