К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қаңтар 11:29

«Самұрық-Қазынаның» жедел желісі өтінішті үш тілде 24/7 режимінде қабылдайды

Қорға келіп түскен барлық өтініштер қаралады. 2024 жылы барлығы 555 өтініш, яғни күніне шамамен екі өтініштен түскен.

Әрбір үшінші өтініш немесе шағым, яғни олардың жалпы санының 29,2%-ы расталды. Жедел желіге «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу туралы, соның ішінде алаяқтық, жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіздік туралы хабарламалар қабылданады. Өтініштер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы жіберіледі:

8 800 080 4747 телефон нөмірі арқылы (қоңырау тегін); mail@sk-hotline.kz электрондық поштасы арқылы; www.sk-hotline.kz интернет-порталы арқылы; +7 771 191 8816 WhatsApp мессенджері арқылы.

Өтініштердің құпиясын сақтау мақсатында олар тәуелсіз сыртқы оператор арқылы қабылданып, өңделеді және аталған оператор жіберілген ақпаратты күн сайын Қордың комплаенс қызметіне жеткізеді.

«Самұрық-Қазына» заң бұзушылықтарды дер кезінде жою және қажетті шараларды қабылдау үшін құқық қорғау органдарымен белсенді түрде жұмыс істейді.