К 30-летию Независимости Казахстана | 07 қараша 09:26

Самұрық-Қазынаның «Самғау» ғылыми орталығына 130-дан астам өтінім түсті

«Самғау» ҒТБ орталығы – «Самұрық-Қазынаның» ғылыми-техникалық саясатын жүзеге асыратын бірыңғай оператор.

«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға өтінімдерді 5 желтоқсанға дейін қабылдайды.

Өтінімдерге қойылатын талаптар:

өзектілігі (жоба қарастырылатын салада қаншалықты сұраныста); жобаның ғылыми-техникалық маңыздылығы (қолданбалы бағыттағы және зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап ететін жаңа ғылыми білім беру мүмкіндігі); қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ұсынылған зерттеу әдістерінің негізділігі мен қолданылуы.

Қазіргі уақытта 130-дан астам өтінім түсті. Қаржыландыру үшін Қордың ғылыми-техникалық кеңесі олардың 20-ын мақұлдады. Өтінім беру формасы csti.kz сайтында көрсетілген.

«Самғау» ҒТБ орталығы – «Самұрық-Қазынаның» ғылыми-техникалық саясатын жүзеге асыратын бірыңғай оператор.