К 30-летию Независимости Казахстана | 03 ноября 11:47

«Самұрық-Қазынаның» сатып алуларында қазақстандық өндірушілерге қандай қолдау шаралары қарастырылған?

Отандық өндірісті дамыту және бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту «Самұрық-Қазына» қоры үшін маңызды бағыттар болып қала береді.

Осы бағыттағы жұмыс аясында қор қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған сатып алу тетіктерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Атап айтқанда, отандық өндірушілер үшін бірқатар қолдау шаралары бар:

тауарларды сатып алу кезінде басымдық беру; кемінде 30% мөлшерінде міндетті алғытөлем; қамтамасыз етудің барлық түрінен босату және ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқарту; әлеуетті өнім берушілердің ең төменгі бағалары тең болған жағдайда артықшылық беру; тендерлерге қатысу кезінде 5% мөлшерінде шартты жеңілдік қолдану; тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі – 60 күнтізбелік күн, ал күрделі тауарлар үшін – 120 күн; жеткізілген өнім үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлеу.

Жеке бағыт – офтейк-келісімшарттар тетігі арқылы жаңа өндірістер құру. 2018 жылдан бастап қор қазақстандық кәсіпорындардың өнімдеріне ұзақ мерзімді сұранысты қалыптастыруға және отандық өнеркәсіпке инвестиция тартуды ынталандыруға мүмкіндік беретін жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асырып келеді. Бағдарлама жүзеге асырылған кезеңде 114 жоба мақұлданды. Жалпы сомасы 657,8 млрд теңгеге 1 422 офтейк-келісімшарт жасалды. Қолдау шараларымен қатар қор сатып алудың ашықтығын арттыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастықты дамыту және міндеттемелердің орындалуын бақылау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. Қор тобының сатып алу операторы – «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС осы бағыттарды іске асыруға және сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысады.