К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қараша 08:22

Сапа көшбасшысы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты «Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС даму стратегиясына сәйкес жаңа халықаралық ISO 45001:2018 стандарты енгізілді. Ол еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды SKnews серіктестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа стандартқа көшу жүйелердің толыққанды жұмыс істеуіне кепілдік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, компанияда осы салалардағы қауіп-қатерлерді шектеу және ықтимал қауіптерді жою үшін бірқатар рәсімдер қарастырылғанын растайды.

Бұған сапа менеджменті, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық, экологиялық менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау менеджменті жүйелерін қайта форматтау ықпал етті. Ұңғымаларды жөндеу және бұрғылау, технологиялық көлікпен қамтамасыз ету, дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары, жол-жөндеу және құрылыс жұмыстары бойынша қызметтерге жоғарыда көрсетілген талаптар қолданылады.

«Біз үшін бұл ауысуға халықаралық стандарттар жарияланған сәттен бастап 3 жыл уақыт берілді. Айта кету керек, бұл жұмыс орындарындағы денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі мәселелерін қозғайтын әлем тарихындағы алғашқы халықаралық стандарт. Стандарт талаптары денсаулық сақтауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі қатерлерді жан-жақты талдауды, сондай-ақ, еңбекті қорғауды басқарудың өзіне икемді, неғұрлым тиімді тәсілді қамтиды», – дейді серіктестік директоры Таңатар Жайман.

Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдау, сондай-ақ, Қазақстанда сапаны дамытуға қосқан үлесі үшін Серіктестік «Сапа көшбасшысы» марапатына лайықты түрде ие болғанын атап өту қажет.

 

«Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС қазіргі таңда Қаражанбас және Доңға кен орындарына қызмет көрсетеді.