Сұхбаттасушылар ҚХР астықты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша техникалық және технологиялық мәселелерді талқылады. Қанат Көбесов темір жол тасымалдауға ұсынылатын барлық жүктерді шығарып әкетуге дайын, екендігін алға тартты. Ол ҚХР шекарасында вагондарды қабылдауды жеделдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үрімші темір жолы өкілдерімен бейнеконференция байланысы форматында кездесу жоспарланып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар мен жүкжөнелтушілер қытайлық теміржолшыларға өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар мен сұрақтар бере алады, бұл жұмыста туындайтын «тар жерлерді» кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Audasia Express» ЖШС - дәнді және майлы дақылдарды экспорттаушы. Компания жүктерді айтарлықтай ірі астықтық өңірлерден - Қостанай, мен Ақмола облыстарынан Еуропаға (Скандинавия, Ұлыбритания), Қытайға жеткізеді. Кәсіпорын активінде 500-ден астам астық тасымалдаушы, 11 элеватор, жүктерді, соның ішінде контейнерлерге тиеу және сақтау үшін Көкшетау қаласында ірі терминалы бар.
Кәсіпорынды сыйымдылығы 180 мың тонналық элеватор мен астықтық маршруттарды тиеу мен түсіру үшін Алашаңқай станциясында темір жолы бар қытайлық «Alashankou Jinshahe Flour Manufacturing Co» компаниясымен шарттық міндеттемелер байланыстырады. Түсіруді компания екі тәулікте жүзеге асыра алады.
Жүктерді контейнерлерде тасымалдау кезінде компания контейнерлер үшін өзіндік арнайы қосымша, лайнер-бэгді қолданады. Лайнар-бэг контейнерге салынып, сусымалы жүкпен толтырылады және герметизацияланады. Мұндай қаптама жүкті ластанудан және сыртқы ортаның әсерінен қорғайды.
Кездесу қорытындысын шығара келіп, Қанат Көбесов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ары қарай да жүкжөнелтушілермен кері байланыс алу тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.