К 30-летию Независимости Казахстана | 21 октября 11:42

Сапарды жайлы ететін ҚТЖ-ның ТОП-5 сервисі

 

Tablo-railways.kz онлайн-таблосы. Пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Пойыз қай жерде екенін, қашан келетінін және кешігіп-кешікпейтінін көрсетеді.

Bilet.railways.kz билеттерді онлайн сатып алу қызметі. Билеттерді сатып алуға арналған компанияның ресми сайты. Комиссиясыз, тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді. Бағытты таңдап, онлайн төлейсіз және электрондық билет аласыз.

 

1433 - байланыс орталығы. Теміржол тасымалы бойынша ақпаратты тегін алуға болатын нөмір. Операторлар пойыз кестесі, жүкті тасымалдау, билетті қайтару және басқа да сұрақтар бойынша кеңес береді.

Кері байланысқа арналған WhatsApp нөмірі +7 776 714 5686. Осы нөмір арқылы шағым, ұсыныс немесе пікір қалдыруға болады. Сонымен қатар пойыздарда осы WhatsApp-чатына өтуге арналған QR-кодтар орнатылған.

Darmen қосымшасы. Ауа райы мен жолдағы жағдай туралы ақпаратты көрсетеді, бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы бағытты жоспарлауға көмектеседі.