К 30-летию Независимости Казахстана | 08 желтоқсан 09:09

«Сапарларды басқару» жобасы таныстырылды

«Ембімұнайгаз» АҚ-нда «Сапарларды басқару» жобасының таныстырылымы өтті. Жиында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев Компанияда адам өмірі мен қауіпсіздігі басты құндылық екенін айтып, күнделікті жұмыста бұл қағида әркез назарда екенін жеткізді.

«Біздің қызметкерлеріміз – «ҚазМұнайГаз» компаниясы тобының ең басты активі болып табылады. «Сапарларды басқару» жобасын енгізу арқылы біздің алға қойған мақсатымыз – көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу арқылы ЖКО санын қысқартуға қол жеткізу», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов.

Ол пандемияға және онымен байланысты барлық қауіптерге қарамастан, жанқиярлықпен жұмыс істеген, сондай-ақ, осы жылды апатсыз және жол қозғалысы ережелерін бұзбай аяқтаған ембілік жүргізушілерге ризашылығын жеткізді.

 

Жиын барысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіздік техникасын сақтаудағы үлгілі тәртібі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Алғыс хатымен бір топ жүргізушіні Қайрат Сақтағанов марапаттады. Олардың қатарында «Доссормұнайгаз» МГӨБ машинистері Қайрат Қордашов, Есенбек Тайбуриев, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жүргізушілері Асқар Абдрахманов, Бақыт Әбішев, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ жүргізушілері Нұрлан Өткелбаев, Ардақ Рахметов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ жүргізушілері Сәкен Сейтуов, Асқар Жұмалиев, ӨТҚжЖК басқармасының жүргізушісі Леонид Тамбовцев, «Ембімұнайэнерго» басқармасының жүргізуші машинисі Ерболат Атапкелов бар. Сонымен қатар, «Сапарларды басқару» жобасы бойынша жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін «Ембімұнайгаз» АҚ көлік департаментінің мониторинг және көлік есебін жүргізу бөлімінің бастығы Қуандық Қалауов та Бас компанияның Алғыс хатымен марапатталды.